EXMO affiliate program

Видео

Ұлы дала елі фольклорының інжу-маржаны саналатын «Қыз Жібек» спектаклі халықаралық мюзиклдер фестивалі аясында Тэгу қаласында сахналанды.

Оңтүстіккореялық Тэгу қаласында өтетін фестиваль - әлемдегі жалғыз халықаралық мюзиклдер шарасы. Оған алғаш рет отандық кәсіби театр шақырту алды. Ұйымдастырушылар артистерден «Қыз Жібек» қойылымын қоюды өтінген. Себебі спектакль қазақтың ұлттық бейнесін айқындайтын бірден бір туынды. Тэгу қаласында өткен мюзиклдар фестивальіне сегіз мемлекеттің театрлары қатысты. Осылайша оңтүстіккореялық көрермендер өз елінен шықпай ақ өзге елдердің мәдениетімен танысуға теңдесіз мүмкіндік алды.