EXMO affiliate program

Видео

Астанада «Media 2020» халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Жиында Еуропа мен Азия арасындағы байланысты нығайту жайы талқыға түсті.

Шараның алғашқы сессиясы Медиа диалог. Оған«Орталық Азияға назар аудару» тақырыбы арқау болды. Оған қос құрлықтың ең ірі медиа компаниялардың басшылары қатысып, пікір алмасты. Жиын барысында фейк, яғни жалған ақпарат таратумен күрес жайы да сөз болды. Шетелдік сарапшылар дәстүрлі емес, БАҚ өкілдеріне сенетін аудиторияның саны көп екенін айтты. Франц медиамун компаниясының халықаралық қатынастары бойынша директоры Джон Макуайер бұл проблема медиа нарықтың жекешелендірілуінің салдарынан дейді. Түйіткілдің түйінін тарқату үшін жұмыла жұмыс істеп, БАҚ-тың халық алдындағы сенімін арттыра түсу қажеттігі айтылды.