EXMO affiliate program

Видео

Қазір Астанада елорда мәдениетінің айнасына айналып үлгерген «Самғау» халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр. Биыл бұл шара қаламыздың 20 жылдық мерейтойына орайластырылды. Оған Түркия, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Башқұртстан елдерінен театр ұжымдары келіп, өнерлерін ортаға салуда.

Театр өнерінде актер сахнада өзін еркін ұстап, ойнаған рөлін дәл сомдаудан бөлек, қимыл-қозғалыс шеберлігі мен ептілік, икемділікті де бағындыруы тиіс. Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылары Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан елдерінен келген актерларға шеберлік сағаттарын өткізуде.