СКАЧАТЬ ЭТО ВИДЕО ►

Видео

Баспасөз, радио және интернет журналистика саласының үздіктерін саралайтын «Үркер» ұлттық байқауына биыл 1 056 өтініш түскен. Жеңімпаздардың есімі 28 маусымда жария етіледі. Ел тарихында екінші мәрте ұйымдастырылған дода «Қазақ» газетінің 105 жылдығына арналып отыр. Биыл дәстүрлі 12 аталымға «үздік вайн» номинациясы қосылған. Жүлде қоры – 13 млн теңге. Байқаудың негізгі мақсаты – талантты журналистердің елеулі еңбегіне қоғам назарын аудару.

Руслан Желдібай, Ақпарат комитеті басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Мемлекеттік деңгейде арнайы марапат осыған дейін болмаған. Сондықтан да осы үш саланың барлығын біріктірдік. Осындай премияның басталуы бұл – журналистерге, олардың еңбегіне деген құрмет. Екіншіден, олардың осы тарапта өздерінің кәсіби деңгейін көтеруге шабыттандыру, жігер беру мақсатында жасалып отыр.