СКАЧАТЬ ЭТО ВИДЕО ►

Видео

«Хабар» арнасы көрерменін тағы бір жаңа кинотуындымен қуантады. Мелодрама жанрындағы 12 сериялық телехикая «Жалғыз жауқазын» деп аталады.

Оқиға желісі дәулетті отбасының жалғыз қызы Айсұлудың тағдыры арқылы өрбиді. Басты кейіпкер Айсұлуға мұра болып өтетін байлыққа қызыққан сүйген жігіті оны

ң ата-анасына қастандық жасайды. Осы жайды білген Айсұлу бас сауғалап, нағашы әжесі тұратын ауылға қашып кетеді. Бұдан әрі оның өміріндегі қилы кезеңдер мен бұралаң сәттер алма-кезек ауысып отырады. Сериалдағы қатыгез Арсеннің рөлін жас актер Ақберен Жұмабаев ойнайды.