СКАЧАТЬ ЭТО ВИДЕО ►

Видео

Ауыл шаруашылығы министрлігі жемістің осы түрлерін көптеп өсіруге ден қойды.

Ал атаулы жеміс-жидекті Еуразиялық экономикалық одақ нарығына экспорттамақ.

Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа жобаны іске қоспақ. Бұл арқылы құлпынай, өрік және қызыл шие өсіретін шаруаға көмек көрсетіледі. Себебі жеміс-жидектің бұл түрлері ЕАЭО нарығында сұранысқа ие. Мамандардың айтуынша, маусымдық тауар болғанына қарамастан, диқандар мол табысқа кенелуі әбден мүмкін.