Информация о видео

Таразда жантүршігерлік апат орын алды. Салдарынан 2 адам оқиға орнында көз жұмды. 29 желтоқсан күні түңгі сағат 1:30 шамасында «БМВ 520» маркілі автокөлігінің жүргізушісі көлігінің алдыңғы дөңгелектерінің жарылуынан рөлді игере алмай, қарсы бағыттағы жолға бұрылып, көпірдің қоршауына кеп соғылған. Жойқын соққы автокөлікті темір құбырлары бағытына бірақ лақтырады. Жол көлік оқиғасында 1985 және 1987 жылғы Тараз қаласының тұрғындары ауыр дене жарақаттарының салдарынан нөмірі 1-ші қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінде ес жимастан мерт болды. Ал, 1994 жылғы азамат кеуде және жамбас тұсына зақым келіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазірде, бірнеше адамның өмірін жалмаған зұлмат оқиғаға қатысты сот алды тексеріс жүргізілуде.