Видео

Анастасия Иванченко 40 жыл бойы №406 азаматтық авиация зауытында жұмыс істеген. Ұлы Жеңіс күнін жақындатуға үлесін қосқан тыл ардагері. Кейуана қазір де соғыс жылдарындағыдай ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр. Ішерге асы, киетін киімі жоқ. Ауыз суды да көршілері әкеліп береді. Аяғын әзер басып жүрген қарияның жатын бөлмесі дәретханаға айналған.90 жастағы кейуананың дерті басынан асады. Ал 3 бөлмелі үйі шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаға толы. Нәжіс иісі қолқаны қабады. Тау болып үйіліп тұрған азық-түлік қалдықтары шіріп жатыр. Қарияның төсегі де әбден тозған. Бірнеше күннен бері әлеуметтік желі "жұлдызына" айналған Анастасия Иванченкоға еріктілер көмек қолын созыпты. Азық-түлік пен гигиеналық заттар әкелген. Алайда әжейдің тамақ істеп ішіп, үйін тазартуға мұршасы жетпейді. Анастасия әжейдің қызы, күйеу баласы мен немерелері де бар. Кейуананың зейнетақысы да осылардың қолында. Туыстары ай сайын 115 мың теңгенің үстінде зейнетақысын өз қалталарына салып отыр. Ал әжейдің үйін тазалап, киімін жуып, асын әзірлеп беруге уақыттары жоқ екен. Қызы мен немерелері әжейге қарайласа алмайды. Алайда одан бас тартып, қарттар үйіне жібергісі де жоқ. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Нәйлә Бөртебаеваның айтуынша, Анастасия Иванченко тыл ардагері ретінде үкіметтен өзге де әлеуметтік жәрдемақылар алып тұрады. Бүгін Анастасия Иванченконы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары уақытша әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырды. 90 жастағы қарияның тағдыры аптаның соңына дейін шешілуі тиіс. Егер кейуана келісімін берсе, оны қарттар үйіне ауыстыруы мүмкін.

Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter https://twitter.com/rika_kz
Вконтакте https://vk.com/rikatv