СКАЧАТЬ ЭТО ВИДЕО ►

Видео

Оның 208 мыңы елорданың «Жасыл белдеуінде», қалған 178 мыңы қаладағы саябақтар мен гүлзарларда. Тізімде күні кеше ашылған ботаникалық саябақ та бар.

Бірлік Берікұлы, тілші:

-Жапырақ санап жүр деп ойламаңыз. Бұл ағаш саны. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнайы салынып жатқан ботаникалық саябақта 95 мың ағаш отырғызылған. Бұл – елорда күніне арнайы салынған ботаникалық саябақ. Кіреберісі әдемі көпірден басталады. Астында су, түрлі түсті жарық шашқан субұрқақтар. Еріксіз, бәлкім естелік үшін суретке түсуге шақырып тұрғандай. Расында қараңызшы, қандай әдемі. Мұнда 2 жылыжай бар. Олардың бірінде тропикалық өсімдіктердің 40-тан астам түрі, екіншісінде шөлейтті өсімдіктердің 40 түрі өсіріледі. Болашақта мұнда астаналықтар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыстын мүмкіндік бар. Киіміме назар аудармай-ақ қойыңыздар. Спортпен айналысқым келіп кетті. Неге дейсіз ғой, ботаникалық саябақта спортпен айналысу үшін тегі барлық мүмкіндік жасалған. Атап айтқанда, велосипедпен жүріп қайтам десеңіз де, әлде жаяу жүргіншілер жолымен жүгіріп қайтамын десеңіз де. Тіпті жай ғана серуендеп қайтам десеңіз де арнайы жолдар құзырыңызда. Жалпы ботаникалық саябақ тек серуендеп емес, спортпен шұғылданып қайтуға да таптырмас орын. Онда түрлі жаттығу алаңдары бар. Шаршасаңыз, WI-FI бар орындыққа отырып, тынығып алсаңыз да болады. Қазақстандағы ең алып айналатын дөңгелек. Елордаға келген әрбір қонақ, әрбір тұрғын, тіпті сіз болсаңыз да көрікті шаһарға көктен көз тастауды жөн деп санайсыз. Ендеше, бізде барып көрейік.