СКАЧАТЬ ЭТО ВИДЕО ►

Видео

Осындай «баянды болашаққа» бастар оқиғалар осы «жеті күнде» де жалғасын тапты. Елбасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасымен танысып, басымдық берілуі тиіс тұстарына баса назар аударды. Цифрландыру жайын сәл кейінірек сөз етеміз.

Ал қазір Мемлекет басшысының Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарын әңгімеге арқау етейік. Төскейде малымыз қосылған ала шапанды ағайынмен аралас-құраластығымыз алға баспаса, кері тартқан емес. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев араны суытпай, арагідік кездесіп тұрады. Әр кездесу екіжақты байланысты берік етіп, бірлескен кәсіптерге көрік беруде. Әсіресе биылғы 22 наурыздағы жүздесудің жөні бөлек.