Информация о видео

Астанадағы еркекше тепкілесіп, бір бірінің шашын жұлған қыздардың видеосы бүгін әлеуметтің қызу талқысына түсіп жатыр. Ерсі қылыққа барған елорданың бойжеткендері "Шапағат" базарының маңында төбелесіпті. Әлеуметтік желідегі ең көп көрілген бейнежазбада екі қыздың бір бірінің шашын аямай жұлып, теуіп құлатқаны, тіпті соқталдай жігіттердің оларды ажырата алмай жатқаны анық көрінеді. Жалпы, Астанадағы базар төңірегіндегі қыздар төбелесі бұл ғана емес. "Артем" сауда орнында өткенде жігіттер шу шығарса, ал күзетші қыздардың бұзақылығы ғаламторда ең көп көрілген болатын.