СКАЧАТЬ ЭТО ВИДЕО ►

Видео

Қазақстанда маусымның 1-нен бастап қазанның 1-не дейін, яғни аты шулы Шу алқабында қарасора өсетін кезеңде «Көкнәр-2018» республикалық жедел профилактикалық шарасы өтеді. Бұл акцияның негізгі міндеті - есірткі тасымалдау каналдары мен оны дайындаудың жолын кесу, трафиктерді жою, есірткі саудасына мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау. Операция жүргізу барысында жыл сайын 4 мыңға жуық қылмыстық заң бұзушылық тіркеледі. Соның ішінде 2 мыңға жуық есірткі қылмысы бар. 130 тоннадан астам есірткі өсімдіктерін жоюды есептегенде, заңсыз айналымнан 30 мың тоннадан астам есірткі тәркіленеді.