СКАЧАТЬ ЭТО ВИДЕО ►

Видео

Мексикадағы саяси науқан нағыз қанды қасапқа айналды.

2017 жылғы қыркүйектен бері 523 кісі қаза тапқан. Олар лауазым иелері, саясаткерлер және билік өкілдері. Үркіту өршіп, қорқыту белең алған тұста кісі қанының төгілуі осы елге тән салт секілді. Құрбандыққа шалынған 523 тұлға. Бұл дерек «Этелект» аналитикалық компаниясы таратқан мәлімет.

Елде Президент сайлауының алғашқы кезеңі былтыр қыркүйекте басталған еді. Содан бері 152 саясаткер, 48 түрлі лауазымға үміткер, 371 мемлекеттік қызметкер көз жұмды. Жергілікті бұқаралық ақпараттың хабарлауынша, қазірге дейінгі жиналған дауыс қорытындысы бойынша Мехико қаласының бұрынғы мэрі Андрес Мануэль Лопес Обрадор жеңімпаз болды. Мексиканың жаңа президенті жемқорлыққа қарсы қатаң күрес жүргізіп, елдегі беркесіздікті жоюға нақты қадамдар жасайтынын айтты.