СКАЧАТЬ ЭТО ВИДЕО ►

Видео

«Астананың 20 жылдығына – 20 нысан». Оңтүстік Қазақстан облысында елорда мерейтойына арнап әлеуметтік және кәсіпорындардан 20 нысан ашылып, ел игілігіне беріледі. Солардың бірі қаладағы зообақ қайта жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа кейіппен халыққа қызмет көрсетуді бастады. Зообақтың сондай-ақ Африка елінің стиліндегі «Сафари» атты жаңа бөлігі келушілерді қуанышқа бөлеуде.

Өткен жылы зообақты тамашалағандар саны 400 мыңнан асып жығылған. Ендігі меже 2020 жылы келушілер санын бір миллионға жеткізу жоспарда. Сондай-ақ бұл күні облыс орталығындағы абаттандыру жұмыстары жүргізілген Қошқар ата өзенің жағалауы ел игілігіне пайдалануға берілді. Өзеннің екі жағасы 10 метрге дейін кеңейтілуде.

Қайрат Нұртай, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

- Хайуанаттар бағын қалпына келтіру кезең-кезеңімен жүзеге асады. Міне Африка аумағы пайда болды. Бұдан соң террариум ашылады. Сосын көлдің жобасы бар. Ал Қошқар ата өзенінің маңы жаңа келбетке ие болуда. Мақсат – қала тұрғындарына демалуға қолайлы жағдай жасау.