СКАЧАТЬ ЭТО ВИДЕО ►

Видео

Әлемнің 6 мемлекетінің 30 компаниясы елімізде баламалы қуат өндіретін кәсіпорын салады.

Олар 858 мегаватт электр энергиясын өндіруге қабілетті. Жалпы, Қазақстанның жасыл энергияға көшу мүмкіндіктері қандай? Оның қарапайым халық үшін тиімділігі неде? Бүгін осы мәселелер Мәжіліс қабырғасында өткен конференцияда көтерілді.

Баламалы энергияны көздерін іздеп табуға, тұтынуға жаһан елдері жаппай бет бұрып жатыр. Оған сандар дәлел. 2001 жылы жасыл энергияны дамыту саласына дүние жүзі бойынша 61 миллиард АҚШ доллары жұмсалған. Ал 2017-де ол 350 миллиард доллардан асып кетті. Өйткені энергия көзі қазба байлықтарына тәуелді емес, яғни сарқылмайды. Екіншіден, экологиялық таза. Үрдістен Қазақстан да кеш қалған жоқ. Арнайы заң қабылдады, жоспар құрды.